Gallery:
Алматы қаласы және Алматы облысында күн және жел электрстанциялары іске қосылды
Алматы қаласы және Алматы облысында күн және жел электрстанциялары іске қосылды
Алматы қаласы және Алматы облысында күн және жел электрстанциялары іске қосылды

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Үкіметаралық Келісім аясында іске асырылған күн электрстанциясы және жел электр станциясын іске қосу рәсімі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні алаңында «Инновациялық технологиялар паркі» Арнайы экономикалық аймақ аумағында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің арасында 2011 жылы 26 қыркүйегінде жасалған Келісім аясында іске асқан қуаттылығы 1 МВт күн электрстанциясын (КЭС) және қуаттылығы 5 МВт жел электрстанциясын (ЖЭС) іске қосу салтанатты рәсімі өтті.

Келісімге сай, Қытай тарапы Алматы қаласындағы КЭС-тің және Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұрлы кентінің маңында орналасқан ЖЭС-тің  құрылысын аяқтап, Қазақстан тарапының меншігіне тегін өткізеді. Жоба операторлары ретінде: Қазақстан тарапынан – «Самрұқ-Энерго» АҚ, Қытай тарапынан «Powerchina Zhongnan Engineering Corp. Ltd» компаниясы болып табылды.

Қуаты 1 МВт КЭС-тің жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2017 жылғы желтоқсанында басталып, 2018 жылғы қазанында аяқталды, ал қуаты 5 МВт ЖЭС-тің жобасы бойынша жұмыстар 2018 жылғы наурыз-қараша аралығында атқарылды. 72-сағатқа созылған кешенді сынақтар мен байқау нәтижесі бойынша, күн және жел станциялары пайдалануға толық дайын. 

Станцияларды іске қосу рәсіміне қатысқан «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов мемлекеттер арасында орнатылған «жасыл көпір» ЖЭК пайдалану саласында одан әрі тәжірибе алмасуға бағытталған деп атап өтті. Бұл Қазақстанның  өзіндік ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға да, Қазақстанда ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін жағдай жасауға, «жасыл» энергетика саласындағы мамандарды оқытып, дайындауға да мүмкіндік береді.

Жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары Қытай тарапынан Powerchina Zhongnan Engineering Corporation Limited операторымен (Энергоқұрылыс Чжуннань) CITIC Construction Co., Ltd компаниясы Бас мердігер болып ортақ жүргізді. Компанияның Шығыс Еуропа және ТМД Департаментінің Бас директоры Ли Цзяньхуэй мырзаның сөзінше, күн станциясы екі типті: еңкею бұрышы бекітілмелі және реттелмелі металл конструкцияда орнатылған 3 608 фото электр модульдерден тұрады. Жел станциясының құрамында әрқайсысының қуаты 2,5 МВт болатын, Қытайдың  GoldWind компаниясы жасап шығарған екі жел энергетикалық қондырғы бар.

Келісім бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау мақсатында «Samruk-Green Energy» ЖШС Жобалар құрылысына қосымша бақылау жүргізіп отырды. «Samruk-Green Energy» ЖШС Бас директоры Талғат Бүкенов, Қуаты 1 МВт КЭС-станциясында жылдық өндірімі 1,4 млн кВтсағат құрайтын қуаттылығы 285 Вт 1716 монокристалдық панелдер және  қуаттылығы 275 Вт 1892 поликристалды панелдер орнатылғанын хабарлады. ЖЭС-ның мұнарасының биіктігі 80 метрлік, бір қалақшаның ұзындығы – 53,8 метрден тұратын екі жоғары технологиялы желэнергетикасы орнатылған.

Желқондырғылары 3 м/с-тан 25 м/с дейін жел жылдамдығы кезінде электрэнергиясын беруге қабілетті. Қуаты 5 МВт ЖЭС-ның электрэнергия жылдық өндірісі 17 млн. кВт*сағатына құрайды. 1 МВт КЭС және 5 МВт ЖЭС Қуат беру «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен жүргізіледі.