Ресей делегациясының жұмыс сапар аясында 11 маусымда 2015 жылы Мәскеу облысың Волоколамск қаласының делегациясы Қапшағай қаласындағы 2 МВт күн электр станциясына сапарға барып келді. 2 МВт КЭС жұмысымен таныстыру мақсатында станция бойынша эксурсия өткізілді. Волоколамск басқармасының өкілдері жаңғыртылатын энергия көздерінің (ЖЭК) саласында қазақстандық заңнамасына, жылғы шуақты күндердің санына, ЖЭК қайнар көздерінен электр энергиясынын тарифтеріне белсенді қызығушылық көрсетті. Қапшағай қ. әкімі Кикимов С.М. 2 МВт КЭС технико-экономикалық сипаттамаларын баяндады, ЖШС «Samruk-Green Energy»-ның Бас директоры Моминбаев Ж.Б. станцияның жедел жағдайы туралы мәлімет берді. «Қапшағай қаласындағы Қуаттылығы 50 МВт КЭС болашақта 100 МВт жеткізу құрылысы» отандық өндіруші ЖШС «Астана Солар»-дың фотоэлектр модульдерінің пайдалану туралы қазақстандық жақ жоспарымен бөлісті.